
ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
"Oil Services Company" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі "Үздік маман-2023" кәсіби шеберлік конкурсы қатысушыларын Серіктестіктің Бас директоры Таменов Нүркен Жарылғасұлы арнайы қабылдап алғыс хатпен марапаттады. Естеріңізге салсақ 17 аталым бойынша 150-ден астам қатысушы бақ сынаған байқауда «Oil Services Company» ЖШС мамандары І орынды иеленіп «Үздік ұңғымаларды жерасты жөндеу бригадасы» атанса, ІІ - орынмен «Ұңғымаларлы күрделі жөндеу» бригадасы қанжығасына байлады. Аллабиринов Бердовлетпен Азаров Макен «Үздік цементтеу агрегаты машинисі» атанды. Жиын барысынада "Oil Services Company» ЖШС қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі төрағасы Дарменов Берік Қыдырбекұлы қатысушыларға өз тілегін жолдады. Байқау жеңімпаздарын және қатысқандарды жігерлендіріп ынталандыру мақсатында алғыс хатпен қоса «Rixos Water World Aktau» -ға отбасылық демалыс жолдамасын сыйлады. Марапатталушылар өз кезегінде, Республикалық байқауға қатысуға қолдау білдірген кпмпания басшылығына және кәсіподақ комитетіне өз ризашылықтарын жеткізді.
#Қазақстан #Маңғыстау #Ақтау #Қазмұнайгаз #Мұнайшы #Нефть #Казакстан #Мангистау