
КӨЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӨНІНДЕ ПРАКТИКАЛЫҚ ОҚУ ЖАТТЫҒУ ӨТКІЗІЛУДЕ.
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, 17.03.2023 жылғы » № 13/2252 хатына сәйкес, компаниялар тобында «Өндірістік қауіпсіздік», Еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау жағдайын жақсартудың 2023 - 2027 жылдарға арналған 10.03.2023 ж. бекітілген жол картасы іс-шарасының VII бөлімінің XX тармағын орындау мақсатында, «Oil Services Company» ЖШС-де көлік қауіпсіздігі жөнінде практикалық оқу жаттығу өткізілуде. Басшылық құрамның толық қатысуымен және әкімшілік басқарма қызметкерлері бүгін практикалық оқу жаттығуда болды. Алдымен қатысушыларға Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау бөлімі бастығы орынбасары А. Ботаев түсіндіру жұмыстарымен нұсаулық өткізді. Жол қозғалысы ережелерінде жүргізуші мен жолаушылар көлікті басқару кезінде қауіпсіздік белдігін тағу керектігі айтылды.
Айта кету керек, Көлік қауіпсіздігі жөніндеі оқу жаттығу Серіктестіктің толық жұмысшыларына өткізіледі.